Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 16 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-дың 70 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,6 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 32 тұрғыны, 8 – Рудный қ., 7 – Ұзынкөл ауданы, 6 – Майлин ат. ауданының, 5 – Қостанай ауданының, Алтынсарин және Сарыкөл аудандарының тұрғындары арасында 4 жағдайдан, 3 – Әулиекөл ауданының, 1 – Арқалық қ.
51 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 16 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді. 2 алдын алу мақсатында, автоөтпе жолдар арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде.
Індет жұқтырғандардың ішінде 52 адамда ауру белгілері болды, 18 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 16 ақпан аралығында COVID-19-дың 11576 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 9989.