Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат 2021 жылғы 17 ақпан

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат 2021 жылғы 17 ақпан

2021 жылғы 17 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-дың 69 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,6 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 38 тұрғыны, 10 - Рудный қ., Меңдіқара, Ұзынкөл, Қостанай аудандарының тұрғындары арасында 4 жағдайдан, 3 жағдайдан- Майлин ат. және Сарыкөл аудандарының, 1 жағдайдан – Арқалық қаласы, Жангелдин және Науырзым аудандары.
50 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 18 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 47 адамда ауру белгілері болды, 22 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 17 ақпан аралығында COVID-19-дың 11645 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 10096.