2021 жылғы 11 ақпанда Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 11 ақпанда Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 11 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-дың 79 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,7 % құрады.

Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 35 тұрғыны, Рудный қ.-14, Лисаков қ. -6, Жітіқара қ. -5, Алтынсарин,  Қостанай, Әулиекөл, Федоров ауданының тұрғындары арасында 3 жағдай, Қарасу, Меңдіқара,Ұзынкөл ауданында 2 жағдай, Қарабалық ауданында 1 жағдай.

69 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 8 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 2 жағдай  стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді

Індет жұқтырғандардың ішінде 67 адамда ауру белгілері болды, 12 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 11 ақпан аралығында COVID-19-дың  11210  жағдайы  тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 9663.