2027 жылдан бастап Қазақстанда кейбір жәрдемақыларды есептеу тәртібі өзгереді: не өзгереді

2027 жылдан бастап Қазақстанда кейбір жәрдемақыларды есептеу тәртібі өзгереді: не өзгереді

Қаржы вице-министрі жекелеген әлеуметтік жәрдемақыларды есептеу кезінде АЕК пен ең төменгі күнкөріс деңгейін 2026 жылғы деңгейде сақтаудың себебін түсіндірді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Құрылтайдағы брифинг барысында Абзал Бейсенбекұлы мұндай есептеу жүйесі мемлекеттің әлеуметтік қолдаудан бас тартатынын білдірмейтінін атап өтті.

«Бұл жерде (осы жұмысқа – ред. еск.) көзқарасты өзгерту ұсынылып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай әлеуметтік жәрдемақыларды отбасының негізгі табыс көзі ретінде қарастыруға болмайтынын атап өтті, яғни бұл – белгілі бір деңгейде қолдау көрсететін мемлекеттің ең төменгі кепілдіктері. Осыған байланысты тәсілдерді өзгерту ұсынылып отыр.

Шартты түрде айтатын болсам, қаражатты адамдарға жұмыс табуға мүмкіндік беру үшін Отбасын қолдау орталығына, Мансаптық өсу орталығына бағыттау ұсынылады. Яғни негізінен бұл шығындар адамдардың өз табысын арттыруын ынталандыруға бағытталатын болады», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, мұндай шаралар «халықтың табысының төмендеуіне алып келмейді».

Бұған дейін 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының таныстырылымында Виктория Шегай республикалық бюджет жобасында жәрдемақылардың кейбір түрлері үшін АЕК пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің жеке мөлшерлері қарастырылғанын растаған болатын.

«Айта кету керек, жәрдемақы – өмірлік жағдайлардың белгілі бір түрлеріне тап болған азаматтарды мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғаудың кепілдендірілген шараларының бір бөлігі ғана. Осы шаралардың бір бөлігін автоматты түрде индекстеу аталған азаматтардың жалпы әл-ауқаты мен экономикалық тәуелсіздігін жақсартуға әсер етпейтінін ескере отырып,

тиісінше, бұл жәрдемақыларды арттыруды басқа орта мерзімді кезеңге қайта индекстеу туралы шешім қабылданды, атап айтқанда, үш жылда бір рет», – деді ол.