2020 жылғы 28 қарашада Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 28 қарашада Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 28 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 85 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,7% құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 42 адам, Рудный қ. – 19, Жітіқара ауданында – 10, Лисаковск қ. – 6, Қостанай ауданында – 2, Қарабалық ауданында – 2, Қамысты ауданында - 2, Сарыкөл ауданында – 1, Б.Майлин ауданында – 1.
62 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 16 адам коронавирустық инфекция расталған жағдайлармен байланыста болды, 4 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар), 3 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексеріп анықталды.
Індет жұқтырғандардың ішінде 57 адамда ауру белгілері болды, 28 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 28 қараша аралығында COVID-19-дың 5213 жағдайы тіркелді, 3860 адам емделіп шықты.