2020 жылғы 26 қарашада Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 26 қарашада Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 26 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 75 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,5 % құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 34 адам, Рудный қ. – 17, Лисаковск қ. – 5, Меңдіқара ауданында – 4, Қарасу ауданында – 3, Қостанай ауданында – 3, Алтынсарин ауданында – 2, Б. Майлин атындағы ауданда – 2, Жітіқара ауданында – 2, Денисов ауданында – 1, Қамысты ауданында – 1, Сарыкөл ауданында – 1.
53 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 12 адам коронавирустық инфекция расталған жағдайлармен байланыста болды, 8 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар), 2 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексеріп анықталды.
Індет жұқтырғандардың ішінде 49 адамда ауру белгілері болды, 26 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 26 қараша аралығында COVID-19-дың 5051 жағдайы тіркелді, 3796 адам емделіп шықты.