2020 жылғы 25 қарашада Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 25 қарашада Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 25 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 63 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,3 % құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 31 адам, Рудный қ. – 12, Әулиекөл ауданында – 8, Алтынсарин ауданында – 2, Денисов ауданында – 2, Қамысты ауданында – 2, Меңдіқара ауданында – 2, Лисаковск қ. – 1, Сарыкөл ауданында – 1, Ұзынкөл ауданында – 1, Б. Майлин атындағы ауданда – 1.
44 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 11 адам коронавирустық инфекция расталған жағдайлармен байланыста болды, 8 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексеріп анықталды.
Індет жұқтырғандардың ішінде 38 адамда ауру белгілері болды, 25 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 25 қараша аралығында COVID-19-дың 4976 жағдайы тіркелді, 3759 адам емделіп шықты.