Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ халық арасында мемлекеттік тілді насихаттау және мәртебесін арттыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің латын графикасына көшу идеясын ілгерілету, жаңа әліпбимен таныстыру мақсатында "Шаңырақ-Заречный-2019" қоғамдық қорымен бірлесіп осы жобаны іске асыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді. Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты жоба бойынша іс-шаралар онлайн-режимде (қашықтықтан) өтті.Instagram, Facebook әлеуметтік желілері арқылы және WhatsAppе арқылы онлайн-Көпшілік дәрістер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конкурстар, жастар акциялары өткізілді.  

Бұл жобаға жастар мен ересектер, атап айтқанда Ұзынкөл ауданының мемлекеттік тіл педагогтары белсенді қатысты.Белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.Бұл жобаның мақсаты мемлекеттік тілді қолданудың беделін нығайту, Мемлекеттік тілді дамыту, қоғамдық өмірдің барлық салаларында белсенді қызмет ету үшін қажетті алғышарттарды қалыптастыру болды.Толық ақпаратпен осы сілтеме бойынша интернет-ресурстарда танысуға болады. (Instagram: shanyrakzarechyy).         

                                                                          ОФ «Шаңырақ-Заречный-2019»