Бүгін аудан әкімінің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Бүгін аудан әкімінің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен жыныстық тиіспеушілігін қорғауды қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қаралды. Өмірлік қиын жағдайдағы отбасылармен профилактикалық жұмыстарға, қолайсыздық фактілерін уақтылы анықтауға және балаларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты мемлекеттік органдар мен ауылдық округ әкімдеріне ведомствоаралық өзара іс-қимылды, профилактикалық жұмысты күшейтуге және оны жүргізудің жаңа форматтарын қолдануға бағытталған нақты тапсырмалар берді.