
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды WhatsApp аккаунттарға рұқсатсыз қол жеткізу фактілері туралы ескерту жариялады. Полиция аккаунттың қауіпсіздігін күшейту үшін екі сатылы тексеру функциясын қосуды ұсынады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ IIМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.
Ол үшін:
"Орнатылған PIN-кодты ешкімге хабарламаңыз. Сондай-ақ аккаунтыңызға қосылған құрылғыларды тұрақты түрде тексеріп отыру қажет. Ол үшін мәзірді (оң жақ жоғарғы бұрыштағы үш нүкте) ашып, "Байланыстырылған құрылғылар" бөлімін таңдаңыз және қосылған құрылғылар тізімімен танысыңыз. Егер өзіңізге белгісіз құрылғыны байқасаңыз, оны таңдап, "Шығу" пәрменін басу арқылы қолжетімділікті дереу тоқтатыңыз", - делінген хабарламада.
Аккаунттың бұзылғанын білдіретін негізгі белгілер:
Сондай-ақ ІІМ өкілдері растау кодтарын ешкімге бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және бейтаныс адамдардың нұсқауымен бөгде қосымшаларды орнатпауға кеңес берді.
"Жеке деректеріңіздің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыз. Аккаунтыңыздың бұзылу белгілері анықталған жағдайда, оны қорғау бойынша шұғыл шаралар қабылдап, құқық қорғау органдарына жүгініңіз. WhatsApp мессенджерінде рұқсатсыз белсенділік анықталған жағдайда "Байланыстырылған құрылғылар" бөліміндегі барлық белсенді сеанстарды дереу аяқтап, екі сатылы тексерудің PIN-кодын өзгертіңіз және аккаунтыңыздың бұзылуы мүмкін екендігі туралы байланыстағы адамдарды хабардар етіңіз", - дейді тәртіп сақшылары.
Сонымен қатар телефон мен компьютерді зиянды бағдарламалардың бар-жоғына тексеріп, SMS немесе мессенджер арқылы келген растау кодтарын үшінші тұлғаларға ешқашан бермеу ұсынылады.
ІІМ өкілдері егер таныстардан шұғыл түрде ақша аударуды сұраған хабарлама келсе, міндетті түрде оған телефон арқылы немесе басқа байланыс құралы арқылы хабарласып, хабарламаны шынымен сол адамның өзі жібергеніне көз жеткізу керегін ескертті.