Қостанай облысында 2020 жылғы 21 қарашадағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында 2020 жылғы 21 қарашадағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 21 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 75 жағдайы тіркелді, тәулік ішінде саырқаттанушылықтың өсім қарқыны 1,6% құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 35 адам, Федоров ауданында - 11, Лисаковск қ. – 5, Қамысты ауданында - 5, Рудный қ. – 4, Алтынсарин ауданында - 3, Әулиекөл ауданында - 3, Қостанай ауданында – 3, Б. Майлина атындағы ауданда – 2, Жітіқара ауданында – 1, Денисов ауданында – 1, Қарасу ауданында – 1, Меңдiқара ауданында - 1.
58 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 16 адам коронавирустық инфекция расталған жағдаймен байланыста болғандықтан тексеріп анықталды, 1 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар) анықталды. Індет жұқтырғандардың ішінде 52 адамда ауру белгілері болды, 23 адамда – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 21 қараша аралығында COVID-19-дың 4700 жағдайы тіркелді, 3600 адам емделіп шықты.