Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы.

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов

Штаб отырысы барысында ол Рудный қаласының әкімдерін, сондай-ақ Қостанай, Алтынсарин және Әулиекөл аудандарының әкімдерін тыңдады. Сондай-ақ, мониторингтік топтар жұмысының мәселелері қаралды.

Қазіргі уақытта 1045 рейд жүргізілді, тексерумен 5440 нысан қамтылды, оның барысында 935 бұзушылық анықталды, материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санэпидбақылау органдарына жіберілді.

Тек соңғы тәулікте 53 бұзушылық анықталды, санэпидбақылау органдары бұрын келіп түскен материалдарды ескере отырып, айыппұлдарға 78 қаулы жасады.
Облыс әкімі санитарлық - эпидемиологиялық жағдай жақсармайтынын, сондай-ақ бизнес субъектілері тарапынан да, жеке тұлғалар тарапынан да бұзушылықтардың саны азаймайтынын атап өтті.

Осылайша, 1 қарашада тәулігіне 13 ауру, ал 20 қарашада 72 жағдай тіркелді. Үлкен өсім байқалады. Біздің облыс республика бойынша "қызыл аймаққа" кірді.

Осыған байланысты карантиндік шараларды 2020 жылғы 23-30 қараша аралығында тағы бір аптаға ұзартуға мәжбүр.

Құрметті қостанайлықтар, Сіздерді КВИ таралуына жол бермеу бойынша барлық ұсынылған шараларды сақтауға шақырамын.

Эпидемиологиялық ахуал нашарлаған кезде неғұрлым қатаң карантиндік шараларды енгізу қажеттігі туындайды.