Көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау

Көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау

Аталмыш жәрдемақы тек ХҚО арқылы рәсімделеді:

  1. Тұрғылықты мекенжайыңызға қарасты ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;
  2. Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;
  3. Операторға төмендегі құжаттарды өткізу арқылы жәрдемақыға өтініш жазыңыз:
    Жеке куәлік;
    Балалардың құжаттары;
    Банктік есепшот жөніндегі анықтама.

Ескерту, 18 жасқа толған балалары бар отбасыларға жәрдемақы, бала жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып жатса және ол 23 жасқа толғанша оқуынан анықтама өткізсе ғана төленеді.

Төлем мөлшері:
4бала үшін - 16,03 АЕК (44 531 тг);
5бала үшін – 20,04 АЕК (55 671 тг);
6бала үшін – 24,05 АЕК (66 810 тг);
7немесе одан да көп бала үшін - 28,06 АЕК (77 950 тг).

Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 8 жұмыс күні.