
Қарасу ауданы әкімдігі, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабына және Шаруа немесе фермерлік шаруашылық жүргізу, ауыл шаруашылық өндірісі үшін жерді уақытша ақылы пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу Ережелеріне сәйкес, шаруа немесе фермерлік шаруашылық жүргізу, ауыл шаруашылық өндірісі үшін жерді уақытша ақылы пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді. Конкурс 2026 жылдың 1 маусымы сағат 10:00-да Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Исаков көшесі 73 (Қарасу ауданы әкімдігінің үлкен залы) мекенжайында өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, 2026 жылдың 15 мамырынан 29 мамырына дейін (қабылдау уақыты сағат 9:00-ден 18:30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) жүргізіледі. Қарасу ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» ММ, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Исаков көшесі 66, 7-кабинет мекенжайында. Конкурсқа қатысу өтінімі қағаз носительінде, жеткізу арқылы, не пошта арқылы, не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпарат туралы» Заңына сәйкес өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурс өтінімдері бойынша конкурстық ұсыныстар ұйымдастырушыға өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде жеткізу арқылы енгізіледі.
Конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізімі
|
Лот № |
Орналасқан жері |
Ауданы, га |
Жер алқаптарының құрамы |
Сапалық сипаттама |
Бонитет баллы |
Сумен қамтамасыз ету |
Жалға алу мерзімі |
Ауыл шаруашылығы мамандануы |
|
1 |
Ушаков ауылдық округі |
410,10 |
Егістік – 245,0 га., Жайылым – 162,0 га. |
Қарақоңыр қоңыр |
31 |
жоқ |
48 |
Өсімдік шаруашылығы Мал шаруашылығы |
|
2 |
Ушаков ауылдық округі |
105,0 |
Жайылым |
Қарақоңыр қоңыр |
26 |
жоқ |
48 |
Мал шаруашылығы |
|
3 |
Ушаков ауылдық округі |
66,4 |
Жайылым |
Қарақоңыр қоңыр |
26 |
жоқ |
48 |
Мал шаруашылығы |
|
4 |
Ушаков ауылдық округі |
150,0 |
Жайылым |
Қарақоңыр қоңыр |
26 |
жоқ |
48 |
Мал шаруашылығы |
Назар аударыңыз, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 «Шаруа немесе фермерлік шаруашылық жүргізу, ауыл шаруашылық өндірісі үшін жерді уақытша ақылы пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу Ережелерін бекіту туралы» бұйрығына ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы №261 бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Конкурстық құжаттама туралы ақпаратты мына сайттан алуға болады: http://karasu.kostanay.gov.kz/, анықтама үшін телефон 8 (71452) 21-7-71