
Ардақты аналар! Аяулы арулар!
Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі, көктем мерекесі - 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке жалпы адамзатқа әйел затының отбасындағы рөлін айқындап қана қоймай, олардың қоғамдағы өмірін белсенді қызметін көрсетеді. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жасалып жатқан бар игілік пен жақсылықтарыңыз еліміздің баянды болашағының кемелденуіне толық негіз бар.
Бүгінгі таңда ауданымыздағы қыз-келіншектер экономикамыздың барлық саласында жұмыс істеп, мәселе шешуде жауапкершілік жүгін қоса арқалап келеді.
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар мен аяулы арулар!
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге және отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Мейірімге толы жүректеріңіз бақытқа, қуаныш пен шаттыққа тола берсін!