
Ұзынкөл ауданың әкімдіктің заң бөлімінің қызметкерлері пробация қызметінің және жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандар мен бұрын сотталған адамдар үшін «Қылмыстың алдын алу туралы» Заң бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға өз құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтардың салдары және әлеуметтік бейімделуді қолдау шаралары туралы ақпарат берілді. Іс-шараның мақсаты құқықтық сауаттылықты арттыру және қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алу болды.