
Халықаралық еріктілер жылы еріктілердің қоғамның әлеуметтік, гуманитарлық және тұрақты дамуына қосып отырған зор үлесін мойындау, сондай-ақ бүкіл әлемде өзара көмек пен азаматтық жауапкершілік мәдениетін дамыту мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жарияланды.
Қазақстан Республикасында еріктілер қозғалысын дамытуға мемлекеттік деңгейде ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы өз Қазақстан халқына Жолдауында еріктілікті белсенді әрі жауапты азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды тетігі ретінде атап өтіп, еріктілер бастамаларын жан-жақты қолдаудың маңыздылығын ерекше көрсетті.
Еріктілер халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге, қарт адамдарды және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға, экологиялық, патриоттық, мәдени және жастарға арналған жобаларға белсенді қатысуда. Олардың қызметі қоғамдық келісімді нығайтуға және адами капиталды дамытуға ықпал етеді.
Халықаралық еріктілер жылы аясында ауданда еріктілер қозғалысын дамытуға және кеңінен насихаттауға, жастар мен аудан тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар бастамаларға тартуға, сондай-ақ мейірімділік, ынтымақтастық және белсенді азаматтық ұстаным құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда.