Ұзынкөл ауданында ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған жоба аяқталды. Бұл жылы Қостанай облысының психологтар қауымдастығы аудан ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырды.

Іс-шаралар барысында кездесулер, тренингтер, конкурстар, дөңгелек үстелдер өтті, қатысушылар саны 1300-ден астам аудан тұрғынын құрады.

Жақында жастар арасында «Менің Қазақстаным, көпқырлы әрі әдемі» видеороликтер конкурсының нәтижелері шығарылды. Қатысуға 5 ауылдан 9 өтініш келіп түсті. Конкурс комиссиясының шешіміне сәйкес, 1 орынды Узункөл ауылынан Танабаева Әсел иеленді. Екінші орын Ряжское ауылынан Батыргареева Аида мен Троебратское ауылынан Легеза Дмитрий арасында бөлінді. Үшінші орынды Ряжское ауылынан Жукова Татьяна, Шулега Анна және Серюк Кирилл оқушылары командасы иеленді. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!