2025 жылғы 20 қарашада құжаттамалық бөлімінің қызметкерлерімен «Е-Otinish» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқыту семинары өткізілді.

2025 жылғы  20 қарашада құжаттамалық бөлімінің қызметкерлерімен «Е-Otinish» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу  бойынша оқыту семинары өткізілді.

Іс -шара мемлекеттік мекемелердің, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің жауапты мамандары үшін ұйымдастырылды.  Семинардың мақсаты қызметкерлердің электрондық құжат айналымы саласындағы біліктілігін арттыру және олардың күнделікті жұмысында «Е-Otinish» ақпараттық жүйесінің функционалын тиімді пайдалану. Оқыту барысында қатысушылар жүйемен жұмыс істеудің негізгі аспектілерін, соның ішінде кіріс және шығыс құжаттарды тіркеуді, оларды бағыттауды және орындалуын бақылауды қарастырды. Өткізілген оқыту мекемелер арасындағы құжат айналымының тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға, сондай-ақ қағаз тасымалдағыштарды пайдалануды қысқартуға мүмкіндік береді.