Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

2025 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығымен Ұзынкөл ауданының прокуроры лауазымына әділет кеңесшісі Мұқанов Ернар Асылбекұлы тағайындалды.

Мұқанов Ернар Асылбекұлы, 1985 жылы туған, Қостанай облысы Жітіқара ауданының Чайковское ауылында дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылғы наурыз айында прокуратура органдарында Қарасу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. 2012 жылғы тамыз айынан бастап Қарасу ауданы прокурорының аға көмекшісі лауазымында қызмет атқарған.

2012 жылғы қараша айынан 2019 жылғы шілде айына дейін Қостанай қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің аға прокуроры және бөлім бастығы болып жұмыс істеген.

2019 жылғы шілдеден 2021 жылғы наурызға дейін Рудный қаласы прокурорының орынбасары,
2021 жылғы наурыздан 2021 жылғы шілдеге дейін Қостанай қаласы прокурорының орынбасары,
2021 жылғы шілдеден 2022 жылғы желтоқсанға дейін Қостанай облысы прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасында облыс прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарған.

2022 жылғы желтоқсаннан осы тағайындауға дейін Амангелді ауданының прокуроры болып жұмыс істеген.

Прокуратура органдарындағы жалпы еңбек өтілі — 15 жыл.