Қазақстанда жер қатынастарына қатысты қызметтер цифрландырылады

Қазақстанда жер қатынастарына қатысты қызметтер цифрландырылады

Қазақстандағы жер қатынастарына байланысты тағы бес мемлекеттік қызмет онлайн режимге ауыстырылды.

Енді «Мемлекеттік жер кадастрынан ақпарат беру», «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау», «МЖК ААЖ графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу», «Жер учаскесіне актілер дайындау және беру», «Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы ақпарат беру» сияқты мемлекеттік қызметтер egov.kz электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді болады.

Қазіргі таңда барлық қажетті нормативтік-құқықтық акті тиісті мемлекеттік органдармен келісіліп, қызметтер egov.kz порталында тестілеуден өтіп жатыр. Нормативті актілер күшіне енгеннен кейін кезкелген азамат бұл қызметтерді онлайн түрде сұрата алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрайымыныңорынбасары Мәди Садановтың айтуынша, жер қатынастарына байланысты қызметтерді алу қашанда қиындықтарымен ерекшеленіп келген. «Жер бойынша көрсетілетін қызметтердің көп бөлігі тек қағаз түрінде және қызмет алушының мемлекеттік корпорацияның фронт-офисінетікелей баруымен ғана ұсынылды. Цифрлық технологиялар дәуірінде тұрғылықты жерге байланып, қызметтің нәтижесін бірнеше күн, тіпті бірнеше апта күту, әрине, орынсыз. Сондықтан біз жер қатынастары саласында ең көп сұранысқа ие қызметтердің көрсетілу мерзімін қайта қарастырып, барынша азайттық. Сонымен қатар egov.kz порталы арқылы алу мүмкіндігі оларды тұрғылықты жеріне қарамастан әлемнің кез келген жерінде отырып алуға жол ашады. Басты талап – электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы», – деді Саданов.

Мәселен, егер бұрын МЖК ААЖ графикалық мәліметтерімен жобаланатын жер учаскесін келісу мерзімі 15 күнтізбелік күн болса, қазір ол 7 жұмыс күніне дейін, ал жеке сәйкестендіру құжатын дайындау уақыты 6 жұмыс күнінен 4 күнге дейін қысқарды. Мемлекеттікжеркадастрынанақпарат беру мерзімі 3 жұмыскүнінен 15 минутқадейінқысқарды. Барлық бес қызмет бойынша дасолай.

Айтакетейік, жаңақызметтер egov.kz порталының «Жылжымайтынмүлік» бөліміндегі «Жерқатынастары» тармағындақолжетімдіболады.

Естеріңізге сала кетейік, бұғандейінҚРПрезидентіҚасым-ЖомартТоқаевөзжолдауында бизнес-процестердімүмкіндігіншецифрландырудытапсырғанболатын.

 

Анықтама:

Биылғы жылдың 9 айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері арқылы жер учаскесіне 205 мыңнан астам акт, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау бойынша 17 мың қызмет, мемлекеттік жер кадастрынан 4 мыңға жуық ақпарат, жердің сапасы туралы жарты мыңға жуық ақпарат берілді. Сондай-ақшамамен 52 мың жер учаскесі келісілді.