Қостанай облысында көлік жүргізу үшін теориялық емтихан тапсыру мүмкіндігі уақытша тоқтатылады

Қостанай облысында көлік жүргізу үшін теориялық емтихан тапсыру мүмкіндігі уақытша тоқтатылады

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өңірлік филиалынан хабарлайды.


Ағымдағы жылдың 2-10 қазан аралығында Қостанай облысының мамандандырылған ХҚО-да автодромында жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігіне байланысты уақытша жұмыс істемейді.


"Көлік жүргізуге практикалық емтихан тапсыру үшін бірқатар тапсырмаларды орындау қажет. Оларды орындау сапасы автоматты түрде арнайы жүйемен бағаланады. Автодром бойында нәтижелерді "оқуға" арналған арнайы датчиктер орналасқан. Бүгінгі таңда дромның бір бөлігін – слайдты жөндеу қажеттілігі туындады. Жөндеу жұмыстар 2-10 қазан аралығында жүргізіледі. Бұл мерзімге автодромда теориялық және практикалық емтихандар тоқтатылады",-деп түсіндірді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева.