Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу

Ондай болса:
1. Egov.kz порталына кіріңіз;
2. Іздеу жолында «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» деген қызмет атауын теріңіз;
3. Қызмет парақшасынан онлайн алуға болатын куәліктер тізімінен қажеттісін таңдаңыз;
4. Куәлік атауын басу арқылы қызмет алу парақшасына өтіңіз;
5 Портал талап еткен барлық мәліметтерді толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс беріңіз.

Қандай куәліктердің қайталама баламасын немесе анықтамасын онлайн алуға болады?
1. Некеге тұру туралы куәліктің;
2. Некені бұзу туралы куәліктің;
3. Туу туралы куәліктің;

  1. Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктің;
    5. Әкелік құқықты бекіту туралы куәліктің;
    6. Ұлды/қызды асырап алу туралы куәліктің:

    Қызмет көрсету құны:
    Қайталама куәліктер үшін – 1 АЕК
    Анықтама үшін – 0,3 АЕК