
Құрметті Тобыл қаласының тұрғындары! Сіздерге 2026 жылғы 06 сәуірден 24 сәуірге дейін аралығында 2027 жылы іске асыру үшін "Халыққа қатысу бюджеті" жобасы бойынша дауыс беру жүзеге асырылатынын хабарлаймыз. Осы жоба шеңберінде азаматтар "Қостанай ауданы Тобыл қаласы әкімінің аппараты"ММ әкімшісі болып табылатын іс-шаралар бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатыса алады.
Кәмелетке толған Тобыл қаласының тұрғындары ағымдағы қаржы 2026 жылының 06 сәуірден 24 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынылған жобалық ұсыныстар бойынша электрондық түрде, ЭЦҚ арқылы, ресми интернет-ресурста дауыс беруді жүзеге асырады.
Сайтқа сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tobyl/bnu/1099?lang=ru
Жобалық шешімдердің іске асырылу барысы, сондай-ақ оларды іске асыру қорытындылары туралы ақпарат тоқсан сайын әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланатын болады.