Меню
Страницы

Хабарландыру

Хабарландыру

Қостанай ауданы Тобыл қаласы әкімінің аппараты 2025 жылғы 15 желтоқсанда сағат 15:00-де аудандық «Алтын Дән» мәдениет үйінің залында Тобыл қаласындағы үш көшенің атауын өзгерту мәселесі бойынша жергілікті қауымдастықтың жиналысы өтетінін хабарлайды: «Восточная» көшесін — «Мәншүк Мәметова» көшесі, «40 лет Октября» көшесін — «Әлия Молдағұлова» көшесі, және «Комсомольская» көшесін — «Дархан Базарбаев» көшесі деп қайта атау мәселесі қаралатын болады.

Анықтама телефоны-8 (71455) 2-45-14.

 Ономастика саласында мақсатты әрі жүйелі жұмыс жүргізу — қазіргі тәуелсіз Қазақстанда барған сайын өзекті мәселеге айналып отыр.

Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының тіл саясатының басым бағыттарының бірі ретінде жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның қолдауымен тарихи атауларды қалпына және ретке келтіру мақсатында жүзеге асырылуда.

Мәншүк Мәметова — Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған алғашқы қазақ қызы. Ол Невель түбіндегі ауыр шайқастарда соңғы демі қалғанша ерлікпен шайқасып, нағыз қаһармандық пен Отанға адалдықтың үлгісін көрсетті.

Әлия Молдағұлова — Кеңес Одағының Батыры, ержүрек мерген. Оның өмірі – ерліктің, Отанға деген сүйіспеншіліктің және қазақ әйелінің рухының беріктігінің символына айналды.

Дархан Базарбаев Қостанай облысының ішкі істер органдарында қызмет атқарып, жоғары жауапкершілігімен, принципшілдігімен және өз ісіне адалдығымен ерекшеленді. 2020 жылғы 19 қаңтарда Тобыл қаласында қарулы құқықбұзушыны ұстау кезінде ол өз өмірін қиып, қайғылы жағдайдың алдын алып, адамдардың өмірін сақтап қалды және қызметтік борышын соңына дейін абыроймен орындады.

Дархан Базарбаевтың есімі – өз өмірін азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін құрбан еткен ер азаматтың құрметіне біздің қаламыздың картасында лайықты орын алуы тиіс.

Анықтама телефоны-8 (71455) 2-45-14.

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты