«Ономастика: жаңғыру мен жаңару»

«Ономастика: жаңғыру мен жаңару»

2021 жылғы 16 қарашада Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Жастар» азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қала әкімінің орынбасары А.Қ. Ташимовтың төрағалығымен ауыл және ауылдық округ әкімдері, мүдделі мемлекеттік органдар, Ақсақалдар кеңесі, шағын және орта бизнес өкілдері, ЖОО ғылыми қызметкерлері, студенттерінің қатысуымен ономастика мәселелері бойынша «Ономастика: жаңғыру мен жаңару» атты  дөңгелек үстел отырысы өтті. 

Іс-шарада Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бас маманы А. Садуақасованың ономастика саласындағы жұмыстың негізгі қағидаттары, елді мекендерге атау беру және оларды қайта атау кезіндегі қажетті рәсімдердің алгоритмі, Арқалық педагогикалық институтының оқытушысы Р.Айтмағамбетовтың аймақ топонимдерінің шығу тарихы мен этимологиясы, сәулет және құрылыс саласындағы мемлекеттік қызмет ардагері Қ.Әбдікұлының картографиялық көздерді талдау және зерттеу нәтижелері туралы баяндамалары семинарға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Ономастикалық жаңару мәселелері бойынша көптеген сұрақтар туындап, ықтимал проблемаларды шешу жолдары талқыланды.