Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттау жөніндегі республикалық лекторий

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттау жөніндегі республикалық лекторий

2021 жылғы 12 қараша күні Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттау жөніндегі республикалық лекторийдің аясында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында «Қазақстандық қоғамның құндылықтары жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі туралы» секциялық жұмысы өтті.

Іс шараға ҚХА өкілдері, қалалық мектептердің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, басқарма, орталық қызметкерлері қатысты.

Шара барысында «Ахыска» түрік мәдени орталығының басшысы Пириев А.А. кіріспе сөзбен секцияның жұмысын бастады. М.Горький мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ромащенко Д.С. тіл үйретудегі өз тәжірибесімен бөлісті, Бекманова А.К. «Қоғамдық келісім» мекемесінің әдіскері «Мәміле» клубы туралы баяндады, “Тілдарын” орталығы басшысының орынбасары Талапова Г.М. қатысушыларды “СөйлеТайм” қазақ тілі сөйлесу клубымен таныстырды.

Соңында қатысушылар пікір алмасып, туындаған сұрақтар бойынша жауап алды.