«Ситуативті қазақ тілі» кітабының авторы Қанат Тасибековпен кездесу

«Ситуативті қазақ тілі» кітабының авторы Қанат Тасибековпен кездесу

А.ж. 15 қараша күні Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының "Тілдарын" тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім» үйінде «Ситуативті қазақ тілі» кітабының авторы Қанат Тасибековпен кездесу өтті.

Іс шараға "Тілдарын" тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары, "СөйлеТіме" клубының мүшелері қатысты.

Автор өзінің мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі қазақ халқының салт-дәстүрлері, менталитеті мен дүниетанымының негізінде жасалғанын атап өтті. Кітап орыс тілді аудиторияға, сондай-ақ жалпы қазақ тілінде әдемі және дұрыс сөйлегісі келетін оқырмандарға арналғандығы туралы баяндап берді.

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова кездесуге арнайы қонақ ретінде шақырылған "Ситуативті қазақ тілі" кітабының авторы Қанат Тасибековке алғысын білдірді.

Кездесу үлкен қызығушылық тудырып, тыңдаушылар автордан қазақ тілін қалай тез меңгеруге болатыны туралы сұрақтарына жауап алды.