“СөйлеТайм” Арқалықта

“СөйлеТайм” Арқалықта

Бүгін Арқалық қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалалық тілдерді оқыту орталығының жанынан «Сөйле Time»  клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Клубтың мақсаты - Мемлекет басшысы атап өткен тіл үйренуге ұмтылған барлық отандастарды қолдау: «Мемлекеттік тілді білетін әрбір азамат өзінің білімін қазақ тілін үйренгісі келетін достарымен, әріптестерімен, таныстарымен бөліссін», мемлекеттік тілде үйренгісі келетін әр азаматқа көмек көрсету, өз ойын қазақ тілінде жеткізуге үйрету.

Іс-шарада тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Садуақасова А.Ж. құттықтау сөз сөйлеп, клуб жұмысына сәттілік тіледі.

Іс шараға клуб мүшелері, тіл жанашырлары мен жергілікті БАҚ өкілдері, тілдерді дамыту бөлімінің, орталығының қызметкерлері қатысты.