Көрнекі ақпаратқа мониторинг жүргізу туралы

Көрнекі ақпаратқа мониторинг жүргізу туралы

Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен арнайы топ өкілдері 2021 жылғы 5 тамызда Қостанай қаласындағы көрнекі ақпарат өнімдерінің «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚРЗ 21 бабына сәйкестігіне кезекті мониторинг жүргізді.

Бизнес субъектілеріне ұсыным-хаттар табысталып, көрнекі ақпаратты заңнамаға сәйкес ресімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Көрнекі ақпаратты қайта әзірлеу барысында тілдерді дамыту басқармасы, қалалық тілдерді дамыту бөлімінің мамандары оның қатесіз ресімделуін қамтамасыз етуге тұрақты түрде атсалысады.

         Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.