«Таза қалаға – таза жарнама» акциясы

«Таза қалаға – таза жарнама» акциясы

Тілдерді дамыту басқармасының жұмыс жоспарына  сәйкес   Қостанай қаласындағы көрнекі ақпарат өнімдерінің «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚРЗ 21 бабының талабына сәйкестігіне мониторинг шаралары 2021 жылғы 29 шілдеде жалғасты.

Бұл жолы қала орталығындағы нысандар қамтылды. Акцияның қатысушылары кездескен қате ресімделген көрнекі ақпарат иелеріне ұсыным-хаттар табысталып, тиісті заңнама талаптары түсіндірілді.

Маңдайша, жарнама өнімдерін ресімдегенде мемлекеттік тілдегі мәтіннің болмауы немесе оның дұрыс орналастырылмауы, мәтіннің тек ағылшын тілінде болуы, грамматикалық, стилистикалық қателер, сапасыз аударма сияқты олқылықтар орын алады.

Меншік иесі көрнекі ақпаратқа қайта тапсырыс берген жағдайда Тілдерді дамыту басқармасы, қалалық тілдерді дамыту бөлімі мамандары оның қатесіз ресімделуіне  көмек көрсетеді.

         Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.