Тілдерді дамыту бағдарламасының іске асырылуы

Тілдерді дамыту бағдарламасының іске асырылуы

Бүгін қала және аудан әкімдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өткізіліп, тіл саясаты жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы талқыланды.

Бүгінгі күні елімізде Тіл саясатын іске асырудың  2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік тіл саясатының басты бағыты – мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету.

Бүгінгі күні облыста ересек азаматтарды тілдерге оқытатын 20 тіл орталығы жұмыс істейді. Барлық орталықтар замануи техникалық құралдармен жабдықталған. Жыл сайын тіл үйренушілер саны артып келеді.  2021 жылы орталықтарда 8 921 тыңдаушы мемлекеттік, ағылшын және этнос тілдерін оқып келеді. Соның ішінде 6 760 тыңдаушы, немесе 76%, мемлекеттік тілді оқып үйренуде.

 Облыс бойынша қазақ тілінің дұрыс қолданылуына апта сайын мониторинг жүргізіп келеді. Бұл жұмысқа үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары,  жастар өкілдері тартылып, 800-ден астам шағын және орта бизнес нысандары қамтылды.

Жалпы алғанда облысымызда тіл саясатын іске асыру жүйелі түрде жүргізілуде.

Кеңес қорытындысы бойынша қала және аудан әкімдеріне тіл саясаты саласындағы жұмысты жандандыру тапсырылды.