Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы а.ж. маусым айының 01-15 күндері аралығында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы оқытушылар арасындағы «Үздік оқытушы-2021» облыстық байқауын онлайн түрінде өткізді.
Байқау 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – Жарнама (PR), қатысушылар 15 минуттан аспайтын бейнесабақ үлгісін дайындап, онлайн дауыс жинады. Екінші кезең – Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, қызметі мен шығармашылығы қамтылған тест тапсырмаларын орындады. Үшінші кезең – Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, әдістері мен әдістемелік мақалалары, сондай-ақ оқытудағы түрлі педагогикалық-психологиялық жағдаяттарға байланысты видеосұрақтарға жауап берді. Төртінші кезең – қатысушылар өздерінің соңғы жылы шыққан оқулық, оқу-әдістемелік құралдарын, ғылыми-әдістемелік мақалаларын, байқаудағы жүлделі жетістіктерін көрсетті.
БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША:
І орын – Федоров ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Слан Абдуллина, ІІ орын – Қарабалық ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Әйгерім Әбілова, ІІІ орын – Қостанай ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Гүлсая Нұрмолдина. Жүлделі орындарының жеңімпаздары дипломмен және «Сулпак» электрондық-техникалық дүкенінің сыйлық сертификатымен марапатталды.
Сонымен қатар, «Шығармашыл педагог» номинациясы бойынша Ұзынкөл ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Мәдина Мырзашева, «Креативті педагог» номинациясы бойынша Меңдіқара ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Иса Мусинов, «Жаңашыл педагог» номинациясы бойынша Рудный қаласы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Айнұр Идрисова марапатталды. Номинация иегерлері дипломмен және «Сулпак» электрондық-техникалық дүкенінің сыйлық сертификатымен марапатталды.
Қалған қатысушыларға алғысхаттар табысталды.