«Рухани жаңғырудағы ономастикалық кеңістік: жетістіктері мен болашағы» тақырыбында көшпелі семинар

«Рухани жаңғырудағы ономастикалық кеңістік: жетістіктері мен болашағы» тақырыбында көшпелі семинар

2021 жылғы 14 сәуірде жылдық жоспарға сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы, «SANALY URPAQ» қоғамдық қорымен бірлесіп Қостанай ауданы Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде «Рухани жаңғырудағы ономастикалық кеңістік: жетістіктері мен болашағы» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.

Семинар жұмысына облыстық ономастика комиссиясының мүшелері,  Қостанай қаласы, Алтынсарин, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл және Ұзынкөл аудандары әкімдіктерінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, мамандары, ғалымдар, тарихшы-өлкетанушылар, БАҚ өкілдері  қатысты.

Шараны өткізудің негізгі мақсаттары өңіріміздегі ономастикалық ахуалды талдау мен зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу, тарихи топонимдер, өлкеге танымал тұлғалар туралы мәліметтерді жинақтау, жүйелеу және біріздендіру, өскелең ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу бойынша ұсыныстар әзірлеу, ономастикалық жаңарту бойынша ұсыныстарды жинақтау және зерделеу, бұрындары жоғалып кеткен тарихи топонимдерді қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Семинар жұмысына қатысушы ғалымдар, өлкетанушылар, аталған әкімдіктердің өкілдері көтерілген мәселе бойынша өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.