Көрнекі ақпараттың тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне мониторинг

Көрнекі ақпараттың тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне мониторинг

Көрнекі ақпарат құралдарының заң талаптарына сәйкестігіне мониторинг шаралары а.ж. 9 сәуір күні облыс орталығындағы Орталық базар аумағында жүргізілді.

          Бизнес саласы  елдегі экономикалық, әлеуметтік даму ағымына қарай үнемі өзгеріп отыратын сала болуы себепті бизнес субъектілері де жиі жабылып, ашылып жатады. Жаңадан ашылған дүкендер, кафелер, өзге де нысандар иелері өз жарнама өнімдерін екі тілде ресімдеу туралы заң талаптарынан хабарсыз болып жатады.

         Тілдерді дамыту басқармасы, қалалық әкімдік мамандары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мониторинг барысында осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Кезекті шара барысында бұзушылықтар бойынша ұсыным-хаттар табысталып, жарнама өнімдерін, маңдайшаларды ресімдеу және орналастыру жөнінде олардың иелеріне әдістемелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар мамандар көрнекі ақпаратты қайта ресімдеу барысында әзірленген эскиздің сауаттылығын қарау үшін бизнес өкілдеріне оны whatsapp номеріне жолдауды ескертіп отырады.

         Аталған шаралар ары қарай жалғасын табады.