Көрнекі ақпараттың тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне мониторинг

Көрнекі ақпараттың тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне мониторинг

Тілдерді дамыту басқармасы, қалалық әкімдік мамандары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен тұратын мониторинг тобы мүшелері а.ж. 4 наурызда облыс орталығындағы Тәуелсіздік көшесі бойындағы көрнекі ақпарат құралдарының заң талаптарына сәйкестігіне мониторинг шараларын  жүргізді.

Көрнекі ақпарат иелеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» ҚР Заңдарының талаптары түсіндірілді, олар өз кезегінде ресми тілде ғана ресімделген маңдайшаларын қайта жасауға тапсырыс беретіндіктерін айтты. Бұл жағдай шарамыздың өз жемісін беруде екендігінің және азаматтық жауапкершілік деңгейінің өсіп келе жатқанының айғағы.

Бүгінгі шара бойынша мониторинг тобы қате ресімделген жарнама өнімдері бойынша 10-ға жуық ұсыным-хат табыстап, оларды ресімдеу және орналастыру жөнінде бизнес субъектілеріне әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар мамандар көрнекі ақпаратты қайта ресімдеу барысында әзірленген эскизде қате жіберілмеу үшін бизнес өкілдеріне оны whatsapp номеріне жолдауды ескертіп отырады.

Мамандар осыған дейін мониторинг барысында анықталған заң бұзушылықтарды назардан тыс қалдырмайды, шара қабылдамаған бизнес субъектілеріне жарнама өнімін заңға сәйкестендіру қажеттігін қайталап ескертіп отырады.

Аталған шаралар мүмкіндігінше ары қарай жалғасатын болады.