«Мемлекеттік тіл: үйренушінің көзқарасы» республикалық онлайн ойталқы

«Мемлекеттік тіл: үйренушінің көзқарасы» республикалық онлайн ойталқы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 26 ақпаны күні «Мемлекеттік тіл: үйренушінің көзқарасы» атты онлайн ойталқы ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты: өңірлердегі Тілдерді оқыту орталықтарында мемлекеттік тілді қарапайым деңгейден бастап базалық, орта, ортадан жоғары  деңгейлерге дейін меңгерген Қазақстан азаматтарымен, яғни тіл үйренушілермен пікір алмасу, қазақ тілін деңгейлеп меңгеру жолындағы жетістіктері жайлы ой бөлісу. 

Іс шараға Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлімінің басшысы Б.Сүлейменова, Арқалық қаласының тілдерді оқыту орталығының тыңдаушысы Карина Кукотенко белсенді қатысып, пікір алмасты.

Ойталқы соңында қатысушылар қызу пікірталасқа түсіп, өз ойларын мейлінше ашық білдірді.