Көрнекі ақпараттың тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне мониторинг

Көрнекі ақпараттың тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне мониторинг

2020 жылғы 27 қараша күні Қостанай қаласы Амангелді тұрғын үй алабындағытіл заңнамасы талаптарына қайшы ресімделген көрнекі ақпарат құралдарының тұрғындар жолдаған фотолары, қателер бойынша бұрын ескерту берілген нысандарға мониторинг жүргізілді.

Аталған көрнекіліктер бойынша олардың иелеріне заң талаптары түсіндірілді, заң бұзушылықтарды түзетуге қатысты кеңес берілді.Көрнекі ақпараттарын қайта ресімдеу барысында жасалған эскизді ресімдеу бойынша кеңес алу мүмкіндігі бар екені ескертілді.

Абай даңғылы бойында орналасқан «Nail expert» сұлулық студиясы мен кәсіби дүкеніне маңдайшасындағы кейбір сөздердің қате аударылғаны және қате жазылғаны, «Каблучок» дүкенінің жарнамасының бір тілде ресімделгені туралы бірнеше мәрте ескерту жасалғанмен, өкінішке орай меншік иелері ешқандай шара қабылдамаған.

Бірақ мұндай кәсіпкерлердің аз екендігін, қазір өз жарнама өнімдерін екі айтқызбай заң талаптарына сәйкестендіретін меншік иелерінің саны артық екенін айта кеткен жөн. Өз кезегінде осындай жауапты азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Көрнекі ақпаратты заңға сәйкес ресімдеу - қаламыздың келбетін көркейтуге, бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторларының бірі - тіл саясатын жүзеге асыруға қосатын үлесіміз.