«Мемлекеттік тілдің ресми интернет-ресурстар мен көрнекі ақпараттағы қолданысы» атты онлайн-семинар өтті

«Мемлекеттік тілдің ресми интернет-ресурстар мен көрнекі ақпараттағы қолданысы» атты онлайн-семинар өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2020 жылғы 26 қарашада «Мемлекеттік тілдің ресми интернет-ресурстар мен көрнекі ақпараттағы қолданысы» атты онлайн-семинар өтті. Семинар жұмысына орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызмет көрсету мекемелерінің  жауапты мамандарымен қатар Тілдерді дамыту басқармасы ономастика және көрнекі ақпараттар мониторингі бөлімінің басшысы Ж.Б.Науразбаев және жоспарлау, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Б.Ә.Нысанова қатысты.

Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Күнесханұлы Қаба модератор ретінде кіріспе сөзінде осы мәселе жөнінде өз пікірін білдірді.

Бағдарламаға сәйкес Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан қаласының мекеме басшылары мен ғалымдары баяндамаларының соңынан талқыланып отырған мәселе жөнінде өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған шара барысында өзекті баяндамалар жасалып, осы саладағы баяндамышылардың бірқатар ұсыныстары мен пікірлері талқыланып, қарар қабылданды.