Көрнекі ақпараттың тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне мониторинг

Көрнекі ақпараттың тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне мониторинг

2020 жылғы 19 қараша күні Қостанай қаласында орналасқан көрнекі ақпарат құралдарының тіл заңнамасы талаптарына сәйкестігіне мониторинг шаралары қате ресімделген жарнама өнімдері туралы азаматтардың телефон арқылы хабарлаған нысандарында жүргізілді.

Атап айтсақ, Абай даңғылы бойында орналасқан «Жібек жолы» кафесі, Беда көшесіндегі (Нариман базары аумағы) «Нұрарзан» киім дүкені, «Репако» жарнама агенттігі және тағы басқалары.

Аталған нысандар иелеріне ұсыным-хаттар табысталып, заң талаптары түсіндірілді. Көрнекі ақпараттарын қайта ресімдеу барысында жасалған эскизді ресімдеу бойынша кеңес алу мүмкіндігі бар екені ескертілді.

Өз кезегінде осындай белсенді азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Тілге қамқорлық – әр азаматтың борышы екенін айта келіп, тіл тазалығын сақтауға, тілді дамытуға, қолдауға өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.