Көрнекі ақпараттың тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне мониторинг

Көрнекі ақпараттың тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне мониторинг

Тілдерді дамыту басқармасы, қалалық әкімдік мамандары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен тұратын мониторинг тобы мүшелері көрнекі ақпарат құралдарының заң талаптарына сәйкестігіне мониторинг шараларын а.ж. 13 қараша күні облыс орталығындағы Складская көшесі «Емшан» кешенінде жалғастырды.

Көрнекі ақпарат иелерінің кейбіреуі осы жылғы қазан айында аталған сауда кешенінде жүргізілген мониторинг жайлы хабардар екендіктерін, ресми тілде ғана ресімделген маңдайшаларын қайта жасауға тапсырыс бергендерін айтты. Бұл жағдай шарамыздың өз жемісін беруде екендігінің және азаматтық жауапкершілік деңгейінің өсіп келе жатқанынының айғағы.

Бүгінгі шара бойынша мониторинг тобы қате ресімделген жарнама өнімдері бойынша 10-ға жуық ұсыным-хат табыстап, оларды ресімдеу және орналастыру жөнінде бизнес субъектілеріне әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар мамандар көрнекі ақпаратты қайта ресімдеу барысында әзірленген эскизде қате жіберілмеу үшін бизнес өкілдеріне оны whatsapp номеріне жолдауды ескертіп отырады.

Аталған шаралар мүмкіндігінше ары қарай жалғасатын болады.