Көрнекі ақпаратқа мониторинг шаралары

Көрнекі ақпаратқа мониторинг шаралары

Тілдерді дамыту басқармасының мамандары «Қостанай қаласындағы көрнекі ақпарат құралдарының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21 бабына сәйкестігіне мониторинг жүргізудің бірлескен жоспарына» сәйкес қалалық әкімдік, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен бірлесіп мониторинг шараларын облыс орталығындағы «Складская» сауда орнының «Емшан» сауда кешенінде жалғастырды.

Мұндағы дүкеншелерде тұнып тұрған көрнекі ақпараттаң көпшілігі екі тілде ресімделгендігі көзді қуантты, бірақ заңға қайшылары да кездесті. Жарнама иелері жасалған ескертулермен келісіп, 1-2 апта көлемінде ретке келтіретіндерін айтты.

Оларға ұсыным-хаттар табысталып, көрнекі ақпараттарын қайта ресімдеу кезінде мәтіндерінің дұрыстығын тексеруге көмек көрсету үшін мамандардың байланыс контактілері таратылды.

Аталған шаралар ары қарай жалғасын табады.