GZIP-Kazakhstan бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау
2023 жылдан бастап "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық), Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы "ШОБ-та таза технологиялар және кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілетудің жаһандық бағдарламасы" (GCIP-Kazakhstan) жобасын іске асыруда.
Бұл жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму ұйымының (бұдан әрі - ЮНИДО) және Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) қолдауымен жүзеге асырылады және стартаптарды қолдауға, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ декарбонизацияның және тұрақты экономикалық өсудің негізгі құралы ретінде жасыл технологиялар саласындағы инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған.
GCIP – Kazakhstan-экологиялық таза технологиялар саласындағы стартаптарды қолдайтын Орталық Азиядағы жалғыз бағдарлама. Қазақстан бұл жобаға Түркия, Оңтүстік Африка, Индонезия және Нигерияны қоса алғанда әлемнің 15 елімен қатар қатысады. 2023-2024 жылдары ШОБ субъектілерінен 200-ден астам өтінім берілді, олардың 50-ден астамы акселерация бағдарламасынан өтті. Венадағы Cleantech Days-2024 жаһандық байқауында GCIP-Kazakhstan бес ұлттық жеңімпазының екеуі үздік алтылықтың қатарына енді, ал "Ozen-M" стартапы "ең перспективалы бизнес"номинациясы бойынша екінші орынға ие болды.
2025 жылы Орталық қызығушылық танытқан қатысушыларды тарта отырып, бағдарламаны бірнеше рет кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл халықтың жасыл технологиялар саласына тартылуын арттыруға және таза технологиялар саласындағы инновациялық шешімдерді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
2025 жылы Орталық қызығушылық танытқан қатысушыларды тарта отырып, бағдарламаны бірнеше рет кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл халықтың жасыл технологиялар саласына тартылуын арттыруға және таза технологиялар саласындағы инновациялық шешімдерді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Бағдарламаға тіркелу 7 наурызда басталып, 2025 жылдың 7 мамырында аяқталады. Бағдарламаның әлеуетті қатысушысы мына сілтеме бойынша тіркеле алады: https://gcip.tech/register .
Барлық сұрақтар бойынша жоба менеджері А. Ваисовқа хабарласуыңызды сұраймыз+7 775 532 73 86 немесе сілтеме арқылы WhatsApp тобына қосылыңыз: https://chat.whatsapp.com/KdbIPfOzIscH4r5JMUVqDz.