27 тамыз күні үкіметтік емес ұйымдардың облыстық ресурстық орталығының алаңында «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басшысы А.С. Соловьеваның төрағалығымен, облыстың мемлекеттік органдарының және үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі - ҮЕҰ) басшыларының қатысуымен, «Ұлттық және өңірлік деңгейлерде БҰҰДБ Ғаламдық экологиялық қорының Шағын гранттар бағдарламасының алтыншы фазасының озық жобалық тәсілдерін ілгерілетуде ландшафты өңірлерді шоғырландыру» жобасы аясындағы жұмыс кеңесі өтті.
ҮЕҰ өкілдері алынған гранттардың есебінен Қостанай облысының аумағында іске асырылып жатқан 4 жобаны таныстырды.
Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдар арасында аталған гранттарды алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, коммуналдық шаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау салалары бойынша ҮЕҰ-ға мемлекеттен көмек алу мүмкіндігі туралы ақпарат таратуға басты назар аударылды.