«Қостанай су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшы бос лауазымына орналасуға арналған конкурс туралы хабарлама

«Қостанай су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшы бос лауазымына орналасуға арналған конкурс туралы хабарлама

«Қостанай су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшы бос лауазымына орналасуға арналған конкурс туралы

хабарлама

 

Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бос лауазымын иеленуге конкурс жариялайды:
Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қостанай су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы

Мекеменің мекенжайы: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 72 үй.   

Лауазымдық міндеттері: Коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастыру және басқару, мекеменің негізгі қызметіне сәйкес функционалдық міндеттері уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету және лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзгелер.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім:  бизнес, басқару және құқық (құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (биология, химия, экология, гидрология, геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару, биологиялық және сабақтас ғылымдар, қоршаған орта); ауыл шаруашылық және биоресурстар (су ресурстары және суды пайдалану, мелиорация, рекультивация және жерді қорғау); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (Су шаруашылығы, Гидротехникалық құрылыс және құрылыс ).

Басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі (басшының орынбасары, бөлім басшысы) кемінде үш жыл немесе қоршаған ортаны қорғау және құрылыс саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурс қатысушылары білуі тиіс: ҚР заңнамасын және коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі саласында қатынастарды реттейтін ҚР өзге нормативтік құқықтық актілерін.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар, хабарландыруда көрсетілген қабылдау күнінен бастап, конкурстық комиссияға келесі құжаттарды, құжат тігілетін папкаға тігіп, тапсырулары тиіс:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы қатысушыға құжаттарын қайтарып беруге негіз болады.

Конкурс «Азаматтық қызметші лауазымдық орынды  иемденуге байланысты байқау өткізу және азаматтық қызметке келу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қажетті құжаттар хабарлама қазақ және орыс тілдерінде басқарманың арнайы сайты https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar?lang=ru шыққан кезден бастап 15 күнтізбелік күн ішінде: 110000  Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 72, «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ мекенжайына ұсынылуы тиіс.  

Анықтама телефоны –  8 (7142) 54-05-30, 8(7142) 54-43-03.                    

Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тұлғаларды конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамалық шешім қабылдайды және үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғаларды хабарландырады.