«Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/896 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендерлерді өткізу қағидаларына» сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендерді өткізу туралы хабарлайды.
Пригородное орман шаруашылығы мекемесі Қостанай орманшылығының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін ауданы 1,6 га ұзақ мерзімді орман пайдалануға арналған.
Ұзақ мерзімді орман пайдалану мерзімі 48 жыл және 11 ай.
Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.
Тендерді өткізу күні 2024 жылғы «25» желтоқсан сағат 12-00-де.
Мемлекеттік тізілім сайтындағы сілтеме: https://e-auction.e-qazyna.kz/p/kz/auction-guest-list