"Таза Қазақстан" акциясы жалғасуда. Ағымдағы жылдың 7 маусымында акцияға Табиғи ресурстар басқармасының, экология департаментінің, орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері, еріктілер және Мичурин ауылдық округінің жергілікті тұрғындары қатысты.
"Пригородное орман шаруашылығы мекемесі" КММ Қостанай орманшылығының аумағына жиналды. Қатысушылардың жалпы саны 60 адам, 4 бірлік техника жұмылдырылды, 2 тонна қоқыс жиналды.
Барлық азаматтарды өңірдегі тазалықты сақтауға белсенді қатысуға шақырамыз!
Демалыс орындарынан шыққан кезде қоқысты тазалауды ұмытпаңыз!
Болашақ ұрпақ үшін табиғатты бірге сақтайық!