Жітіқарада сыйымдылығы 140 тонна қоқыс сұрыптау желісі іске қосылды.

Жітіқарада сыйымдылығы 140 тонна қоқыс сұрыптау желісі іске қосылды.

2022 жылғы 17 желтоқсанда Жітіқара қаласында «Соцсервис» ЖШС ТҚҚ полигонында қуаты айына 140 тонна қоқыс сұрыптау желісі пайдалануға берілді. Өнімнің негізгі мақсаты-қайта өңдеуге арналған шикізат.

Қоқыс сұрыптау желісінің жұмыс істеуі үшін 2021 жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджет қаражаты есебінен ұзындығы 1,8 км «Соцсервис» ЖШС ТҚҚ полигонына электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілді.

Қоқыс сұрыптау желісі арқылы ТҚҚ полигонындағы қалдықтарды сұрыптау тереңдігі артады және нәтижесінде түзілетін қалдықтардың жалпы көлемінен алынатын қайта өңделетін материалдардың үлесі артады, бұл қалдықтарды қоршаған ортаға орналастыру көлемін қысқартуға мүмкіндік беретіндігін айта кету керек.