Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы сайтқа ақпарат
«Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі» көрсеткішін арттыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту бойынша насихаттау жүргізіледі. Осы мақсатта үкіметтік емес ұйымдармен келісім-шарттар жасалды:
«Жас Отан» Жастар қанатының Республикалық Қоры «Корпоративтік қорымен» «Тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау» (13.05.2022 ж. № 49) және «Полиэтилен пакеттерін пайдаланудан бас тартуды насихаттау» (13.05.2022 Ж. № 50) бірлескен қорымен
«Damu» жастар қоғамдық бірлестігімен (5.05.2021 ж. № 81) «Пайдаланылған құрамында сынабы бар шамдар мен батареяларды бөлек жинауды насихаттау.KST»
«Халықтан жиналған құрамында сынабы бар пайдаланылған шамдар мен батареяларды бөлек жинауды насихаттау» жобасына сәйкес келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:
Халықты қалалық қоғамдық көлік маршруттарында, қоғамдық көлік аялдамаларында, сондай-ақ облыстың оқу орындарында, Instagram ресми беттерінде және сайттарда плакаттар мен буклеттер орналастыру арқылы құрамында сынабы бар қалдықтарды, оның ішінде шамдар мен батарейлерді бөлек жинау және кәдеге жарату қажеттілігі туралы хабардар ету.
Батареяларды жинау бойынша экологиялық акция өткізу. Акцияның мақсаты-пайдаланылған батареялардың көмілуіне, батареялардың полигонға, жерге, суға түсуіне жол бермеу. Батареяларды жинау жүйесін құру және дамыту, тұрғындардың табиғи ресурстарды сақтауға және қоршаған ортаға құрметпен қарауға бағытталған Азаматтық экологиялық ұстанымын қалыптастыру.
Облыстық («Qazaqstan Qostanay») және қалалық теледидарда («АЛАУ»), LED-экрандарда (10 Элемент), әлеуметтік желілерде (КБР, Қостанай-агро) бейнероликтерді ротациялау.
Ойын-сауық іс-шарасы түрінде сынаптың қауіптілігі мәселелері бойынша қала тұрғындары арасындағы экологиялық викторина. Барлығы 50-ден астам адам қатысты. 30 жеңімпазға ЭКО сөмке-шоппер, диплом және фото түрінде сыйлықтар берілді.
Облыстың 49 оқу орындарында құрамында сынабы бар қалдықтарды бөлек жинау тақырыбында ақпараттық семинарлар өткізу: «Эко жизнь», «Құрамында сынабы бар қалдықтардың қауіптілігі немесе сұрыптауды неден бастау керек».
«Полиэтилен пакеттерін пайдаланудан бас тартуды насихаттау» жобасы аясында «Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» КММ мектеп балаларына эко шопперлер жасау бойынша мастер-класс өткізілді. Акцияның мақсаты-балалардың полиэтилен пакеттерін пайдалануға деген жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Сондай-ақ, тақырыптық буклеттер мен плакаттар әзірленді.
«Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау» жобасын іске асыру мақсатында Қостанай қаласының студенттері мен оқушылары үшін «Атамекен 4 плюс» ЖШС, «Фабрика нетканых материалов «S.M.F.-System» ЖШС, «Тазалық 2012» ЖШС және ТҚҚ полигонына экскурсиялар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, ұйым қалдықтарды дұрыс жинаудың маңыздылығы туралы ақпараттық плакаттар мен брошюралар жасады.
Еріктілер тобы үшін «Тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Осындай іс-шаралар жастарда тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлу және оларды қоршаған ортаға орналастыру көлемін қысқарту қажеттілігі туралы хабардар болуға тәрбиелейді.