Халықтың табысын арттыру

Халықтың табысын арттыру

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде «Орманмен қамтылған аумақты ұлғайту/кеңейту, оның ішінде 2 млрд. ағаш отырғызу есебінен» көрсеткіші бойынша 2025 жылға қарай елдің ормандылығына 5% - ға қол жеткізу мақсатында Қостанай облысында 2022 жылы отырғызудың жоспарлы көлемі 4277,9 га (24103,8 мың ағаш) құрайды.

Орман отырғызудың едәуір көлеміне байланысты жұмыстар көктемгі және күзгі кезеңдерге бөлінді.

Ағымдағы жылдың көктемінде 2474 га алқапта ағаш отырғызылды (14966 мың дана ағаш отырғызылды.) Жоспарланған орман екпелерін толықтыру көлемі 294,5 мың дана 175 га алқапта толық көлемде орындалды.

Осылайша, көктемгі жұмыстардың нәтижелері бойынша орман дақылдарын отырғызу жоспары 62% - ға орындалды.

Күзде жылдық отырғызу көлемінің қалған бөлігін орындау үшін 9 138 мың дана көшет отырғызу қажет (Қарағай-5739 мың дана, қайың – 3399 мың дана).

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру жұмыс орындарын құруға және халықтың еңбек табысын арттыруға ықпал етеді, мәселен, 2022 жылға ағаш отырғызуды орындау үшін 480 жұмыс орнын құру жоспарланған, ағымдағы жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша іс жүзінде 376 орын құрылды. Негізінен бұлар: орман отырғызу, орман питомниктерінде күтім жасау жұмыстары (тұқым себу, суару, отау, қазу), орман тұқымдарын жинау.

Табиғи ресурстар басқармасы елімізді көгалдандыруға өз үлесін қосқысы келетін барлық азаматтарды орман отырғызуға, қарағай мен қайың көшеттерін өсіруге қатысуға шақырады. Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша сіз орман шаруашылығы бөліміне 8 (7142) 53-23-92 телефонына хабарласа аласыз.